Сабақтың тақырыбы: Ай –Жердің серігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ай мен жердің ара қашықтығы, айдың толысуы, ғарышкерлердің зерттеуі, күннің тұтылуы, айдың тұтылуы туралы оқушыларға мағлұмат беру;
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету, елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Глобус, суреттер, физикалық карта,
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сандар сөйлейді,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, сабаққа зейінін аударту
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Сандар сөйлейді» оқушылар кеспе қағаздарда берілген сандардың нені білдіретінін айтып шығады.
150млн км, 88, 2,5, 108, 687, 16, 17, 11,5, 11,9 29,5, 9,5, 400 ,1846 жыл, 2006жыл, 1957жыл,1961 жыл,1991 жыл,1994 жыл,1998 жыл,2001 жыл
Қызығушылықты ояту (жұмбақ шешу)
1.Жылт-жылт еткен
Жылғадан өткен (Су)
2.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады (Күн)
3.Теңізді, тауларды, халықты
Ойлап тап, көтерген алыпты. (Жер)
4.Азықсыз, көліксіз, сусынсыз, серіксіз
Әлемді шарлайсыз жиһангез болып сіз. (Глобус)
5.Өркеш-өркеш түйемнің
Өркештерін ақ шалған
Арасынан өркештің
Тағылатын бау салған (Тау)
6.Орақ болып туады,
Табақ болып тұрады (Ай)
ІІІ. Жаңа сабақ
Күн жүйесіндегі Шолпан мен Мерркурийден басқа ғаламшардың барлығының серіктері бар. Олардың жалпы саны 60-қа жетеді. Серіктердің көпшілігінің ауданы ғаламшармен салыстырғанда соншалықты үлкен емес, кейбіреулерін ғаламшардың есептеуі бойынша астеройдтарға теңейді, олардың ғаламшарды айнала қозғалуы ғаламшардың тартылыс күшіне байланысты болуы мүмкін деп жорамалдайды. Ал Жердің тартылыс күшіне байланысты оны айнала қозғалады.Біраұ айда белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді. Теңіздердің деңгейі Айдың тартылыс күшіне байланысты көтеріліп, төмен түсіп отырады. Теңіз деңгейінің көтерілуін толысу деп атайды.
Аспан денелері арасындағы Жерге ең жақыны – Ай. Жер мен Айдың ара қашықтығы шамамен 384 000 шақырым. Айдың диаметрі Жерден 4еседей аз.
Ай Жерді айнала қозғалып жүргенде Жер мен Күннің ортасында болып, Күнді көлегейлесе Жерге Айдың көлеңкесі түседі. Бүл проссестіКүннің түтылуы дейді.Күннің тұтылуы бар-жоғы 2-3 минутқа созылып 1,5 жылда жаңа Ай туған кезде қайталанады.Ай толысқан кезде Жердің көлеңке жағына өткен уақытта Айға көлеңке түсіп, тіптен оның оның көрінбей қалатын уақыты да болады. Бұл процесті Айдың тұтылуы дейді.
Ғарышкерлерді ашық ғарышқа шыққанда күн көзінен бөлінетін зиянды сәулелерден және ұсақ ғарыштық шаң-тозаңдардан бірнеше қабат тігілген скафандр сақтап қалады. Скафандрды құрамында нейлон, дакрон, кевлар деп аталатын үш түрлі жасанды матадан тігеді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Ай мен жердің қашықтығы
Ай жерді қанша уақытта айналады
Күннің тұтынылуы дегеніміз
Айдың тұтынылуы дегеніміз
V. Қорытынды:бағалау
ҮІ. Үйге тапсырма: 13 тақырыпты оқу, дәптеріңе таңертең және кешке қарай көрген Айдың суретін сал. Екі суретті салыстырып, айырмашылығын тап