Дене тәрбиесі пәні оқытушыларын жоғары оқу орындарына даярлау
Дене тәрбиесі пәнін мектепте оқытудын мақсаты — шымыр да шыныққан жасөспірімдерді жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасынан басталатын аса курделі бұл үрдіс мектеп тәрбиесімен ғана шектеліп қоймауы тиіс. Алайда, тәрбие берудің өзге де салаларымен қоса жеке адамды әлеуметтік-педагогикалық негізде тәрбиелеп, қалыптастыруда мектептің алатын орны ерекше.
Адаімгершілікке тәрбиелеудегі дене тәрбиесі пәнінің орны. Дене тәрбиесі пәнінің оқу урдісі алғашқы қимыл-жаттығуды үйренген сәттен-ақ басталады. Еңбектің адам мушелерін дамытуға ықпалын, оқушыларға дене тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы орасан зор мүмкіндігін оқу барысындағы теориялық қисындарға сүйене отырып түсіндіру керек. Педагогика мен психология ілімдерінің мамандары адамгершілік қасиеттің негізі — адам санасы мен сезімінің және оның мінез-құлқының үйлесімінде жатқандығын дәлелдейді. Дене шынықтыру сабағы адам бойындағы ізгілік сипаттарының қарама-қайшылығы мен айырмашылықтарын жойып, түрлі танымдық қиындықтарды дене тәрбиесі арқылы жеңе білуге үйретеді. Адамның мінез-құлқы мен сана-сезімін жан-жақты жетілдіру — дене тәрбиесі пәнінің басты мақсаты. Оқу барысындағы ізгі тәрбиенің қайнар көзі сабақтың мазмұнына тікелей байланысты. Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің негізі адамгершілік қасиетке сай құрылуы тиіс. Себебі, бұл жүйе өзінің бойына интелектуалдық, танымдық, эмоционалдық және моральдық компоненттерді біріктіреді. Тәрбиелеу-үйрету үрдісінде оқушыларды халықтық педагогика негіздерін қолдана отырып, өзара достық қарым-қатынасты дамытуға баулудың маңызы зор. Бұл үшін қимыл-қозғалыс тәрбиесіне негізделген сабақтарды ұйымдастыра білудің мәні ерекше. Оқушының қимыл-жаттығуларды орындаудағы мінез-құлқын, іс-әрекетін көрнекі мысалдар арқылы талдап-түсіндірудің тәжірибелік сипаты өте нәтижелі болмақ. Ол үшін «Жеке және ұжымдық қимыл-қозғалыс жаттығулары» деген тақырыпқа шығарма жаздырудың еш бұрыстығы жоқ. Сондай-ақ дене тәрбиесі сабағында кездесетін адамгершілік қасиеттерді насихаттайтын оқиғаларды тақырып ретінде ұсынудың да тәрбиелік әсері мол.
Дене тәрбиесі сабағындағы оқу-жаттығуларда ойыншылардың өзара қарым-қатынасына, қимыл-қозғалысына шек қойылмайды. Олар жаттығу кезінде емін-еркін қозғалады, біріне-бірі көмектеседі, кеңес береді. Міне, мұндай жеңілдіктерді ұстаздың дұрыс пайдалана білгені жөн. Мұнда, әсіресе, ережені, спорттық әдеп-нормаларды сақтаудың, қарсыласын сыйлай білуді талап ететін жарыстардың ықпалы ерекше.
Оқу-жаттығу барысында осындай әдіс-тәсілдерді орынды пайдалану нақты тәрбиелік тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге оқушылардың мінез-құлқының адамгершілік сипатта қалыптасуына мүмкіндік береді.
Адамгершілік сананы қалыптастыру. Адамның жан дүниесін түсіне білу және өзінің мінез-құлқын саналы түрде меңгеріп, ұстамдылыққа үйрену, ізгілік туралы ілім негіздерін терең түсіну — осылардың бәрі адамгершілік қасиеттердің негізін қалайды. Мұғалім осы алғышарттарды оқушының бойына сіңіре білуге міндетті.
Білім мен мінез-құлық психологиясының арасындағы алшақтық ұстаздың моралдық-адамгершілік қарым-қатынастар тәрбиесін білім беру үрдісімен тығыз ұштастыра алмауынан туындайды. Оның кілті мүғалім мен оқушының тіл табыса білуінде жатыр. Алайда, кез келген сөз кез келген жағдайда нысанасын дәл таба бермейді. Мысалы, залдың іші айқай-шу. Мұғалім оларды өзіне шақырып, жай ғана: «Мен бүгін ауырып тұрмын. Сонда да сендер сабақтан кенжелеп қалмасын деп келдім. Сондықтан тынышталыңдар», — деді. Бұл оқушылардың сезіміне әсер ету үшін айтылған сөз болса да, ол өз жемісін береді. Окушымен қай уақытта сөйлесіп, қай уақытта сөйлемеу керектігін мұғалім аңғара білуі қажет.
Мұғалімнің сөзі қаншалықты маңызды болғанымен де, оқушының санасына әсер ететін ескертулер олардың қимыл жаттығуларымен тікелей астасып жатуы тиіс. Мәселен, оқушы гимнастикалық жаттығу — секіруге сенімсіздеу көңіл күймен дайындалып жатқанын байқағанда, оған «Қорықпа!» деген сөзді айтады. Тәжірибелі бапкер секіру кезегін алмастырып, оқушыға бірінші кезекте секіруді ұсынады. Бұл оның «мен — біріншімін» деген мақтаныш сезімі мен намысын оятады. Өзін сенімді сезінеді де, жаттығуды қалай да жақсы орындап шығуға тырысады.
Түрлі диспут, пікір алысу, талдау арқылы оқушылардың көзқарасын анықтап, оны ізгілік іліміне бейімдеу, өзіне деген сенімін күшейту тәрбиелік жұмыстың бір маңызды тәсілі болып табылады.
Адамгершілік қасиетке тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерді игеру оқушының мінез-құлқын тәрбиелеу үрдісімен сабақтастырыла жүргізіледі. Білім мен өзіне деген сенімге негізделген қимыл жаттығулары ғана ізгілікке жетелейді. Сонда ғана оқушы өзінің іс-қимылының мәнін түсінеді. Дене шынықтыру сабағына белсенді түрде қатысу белгілі бір дәрежеде оқушыдан батылдықты, өжеттілікті, күштілікті, шыдамдылықты, көпшілікпен санасуды қажет етеді және сол қасиеттерді дамытуға да мүмкіндік береді. Әрине, мектеп бағдарламасы оқушылардан мөлшерден тыс қуат-күшті, тәуекелді, көзсіз батылдықты талап етпейді. Сондықтан да педагогикалық іс-тәжірибеде «Ерік-жігер», «Батылдық», «Шыдамдылық» сабақтары өткізіледі. Бұл сабақтардан талап етілетін спорттық-адамгершілік қасиеттердің қандай жағдайда байқалатынын мұғалім алдын ала мұқият ойластыруы тиіс. Соның ішінде оқушының қабілетін байқататын не жаңа қырынан ашылуға мүмкіндік беретін қарапайым қимыл жаттығуларына көңіл бөлінеді. Адамды ізгі дағдыға баулудың жолдары әр түрлі. Олар: жеке басқа катысты дене тәрбиесі (күнбе-күнгі ертеңгілік гимнастика, шынығу т.б.) және әлеуметтік қасиеттер (өзге адамдарға көзкарас, кішіпейілділік т.б.).
Адамгершілік қасиетті қалыптастыру үрдісінің ережелері төмендегідей:
— әр адамның бойында жағымды-жағымсыз дағдылардың ұшырасуы табиғи нәрсе. Мысалы, біреулері бастаған істі соңына дейін жеткізуге қабілетсіздік танытса, екіншілері спортқа немқұрайды қарайды. Оқушылардың бойында кездесетін бірнеше кемшілікті қатарынан жоямын деп ұмтылуға болмайды. Одан да тәрбиеленушінің жаман дағдыны өзі жоюға деген ықыласын ояту керек;
— жақсы үлгіге сүйену қажет. Жағымсыз дағдыны жою үшін одан не талап етілетіндігін, оны қалай жоюға болатындығының жолын, жаңа үлгіні калай меңгеретіндігін оқушы білуі керек;
-
ізгілікке жетелейтін дағдыларды қалыптастыру және меңгеру күнделікті жаттығуды талап етеді. Әйтпесе екі-үш күннің ішінде үйренгеніңнен текке айырылып қаласың;
-
дене тәрбиесінің кез келген түрімен айналысқанда мұғалім оқушылардың бәріне бірдей талап қоюы қажет;
-
секциялық жаттығуларда бір түрлі, ал дене тәрбиесі сабағында екінші түрлі талап қоюға болмайды;
-
қалыптасып келе жатқан жақсы мінез-құлықтың үйлесімділігіне назар аудару қажет. Әр оқушының өзіндік ерекшелігіне қарай бейімделген дұрыс. Егерде жаңа үйренген мінез-құлық жаттығулары оған ұнамаса не қызықпаса, онда бұл қасиет бәрібір оның бойына дарымайды;
— бақылау барысында тура нұсқаулардан жанама ескетулерге дейін («Сен ұмытқан жоқсың ба?», «Кеше сен менің тапсырмамды орындамаған сияқтысың» т.б.) әдіс-тәсілдің барлығын қолдануға болады;
— жағымсыз мінез-құлық пен дағдыларды жою — өте күрделі нәрсе. Мұндайда өзінің бойындағы жағымсыз мшезге деген теріс көзқарасын қалыптастыру керек. Өзге оқушылардың пікірі мен үжым мүшелерінің талқылауы жағымсыз мінез-құлықтан тез арылуға көмектеседі.
Адамгершілікке негізделген мінез-құлық пен дағдыларды қалыптастыруда педагогикалық әдісті (мадақтау не жазалау) колдану да өз нәтижесін береді. «Педагогикалық реттеу» деп аталатын бұл әдісті жүзеге асырудың нәтижелері мынадай: мақтау арқылы оқушының көңілін өсіреді, ынталандырады, ізгілікке ұмтылдырады, ал жазалау шарасын қолдану — оқушыны ұялтып, өз мінез-құлқына деген қанағаттанбаушылық сезімін тудырады, жағымсыз қылықтарды қайталамайтын болады. «Реттеу әдістерін» жаппай қолдануды қағидаға айналдыруға болмайды. Бұл шаралардың нәтижесі мұғалімнің жеке беделіне тікелей байланысты. Қолданылған шараның әділдігін оқушы мойындауға тиіс. Шара әділ болмаса, мұғалімнің беделі түсіп, ең қатал жазаның өзі ешқандай нәтижесіз болып қалады.
Мұғалім сынып оқушыларының мінез-құлқын реттеуге әсер ететін шараны дер кезінде нақты әрекетке байланысты қолдана білуі қажет. Оның пәрменділігі оқушылардың іс-қимылдарынан бірден байқалады. Мысалы, мұғалім бір оқушыны өзгеден бөле-жара мақтады делік. Сыныптың өзге оқушылары оны басқаша тусініп, сол баладан басқамыздың бәрін түгел сынады деп қабылдайды. Демек, әлгі мақтаудан ешқандай пайда болмады деген сөз. Сондықтан мақтау да, сынау да ұжым мен жеке оқушының арасына жік түсірмеуі шарт. Екі жақтың өзара түсінушілігін туғызғанда ғана ұжымдық пікір мен жеке беделдің үйлесімділігі пайда болады. Адамгершілікке негізделген мінез-құлықты қалыптастыру мұғалімнен көп ізденісті, оқу мен жаттығу әдістерін үйлестіре отырып жұмыс жүргізуді талап етеді.
Адамгершілік сезімдерді қалыптастыру. Адамның жан дүниесін түсінуге бағытталмаған тәрбие жүұысы ешқандай да оңды нәтиже бермейді. Дене тәрбиесі пәнінің оқу-жаттығу жүмыстарының негізгі ізгілік мақсаты күштілердің әлсіздерге, ұлдардың қыздарға, жеңгеннің жеңілгенге деген сыйластық сезімін ояту, сонымен бірге сол баланың өзін-өзі сыйлай білуге баулу, азаматтық, жауапкершілік парызын түсінуге тәрбиелеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мұғалім өзінің барлық іс-тәжірибесін сарқа пайдалануға міндетті. Белгілі педагог В.А.Сухомлинский тәрбие жұмысында оқушылардың жан дүниесін түсінуге ерекше назар аударып, соны басшылыққа алу керектігін баса ескертті. Құрғақ сөз бен бос қиялға негізделген үгіт-насихат немқұрайдылыққа әкеп соқтырады. Сезім мен сезімталдық — адамның құнды қасиеттерінің бастылары. Бұл қасиеттер оқушының қоршаған ортаға көзқарасын, эстетикалық-адамгершілік парасат-пайымын танытады. Оқушының оқу-жаттығу ісіне деген қызығушылық сезімін ояту арқылы аса күрделі міндеттерді жүзеге асыруға болады. Оқушы мен ұстаз арасындағы сенім, жылы қарым-қатынас — табыс кепілі. Ешқашанда баланың жер-жебіріне жетіп ұрсуға және олардың бойындағы қатыгездік белгілеріне бей-жай қарауға болмайды.
Дене тәрбиесі сабағының мазмұны әр түрлі жарыстар мен жеке бәсекеден тұратындықтан, мұндағы іс-әрекет адамның көңіл күйін ерекше толқытады. Сондыктан да өзіңці өзін ұстап, сезімге ерік бермеу керек. Міне, оқушыларды осы бағытта тәрбиелеу дене тәрбиесі мұғалімінің басты міндеті болып есептеледі. Ұжымдық сезім мәдениетін тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаның сезімдік-адамгершілік мәдениетінің өсуіне де ықпал етеміз.
Әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі, 1995.
-
Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы, 1995.
-
Оңалбек Ж.К. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене шынықтыру – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға дайындаудың ғылыми – педагогикалық негіздері. Түркістан, 2007.