Сабақтың тақырыбы: Орманды дала және дала зоналары
Сабақтың мақсаты:
а) Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру.
ә) Оқушылардың жаңа технологиямен жұмыс жасау дағдыларын одан әрі қалыптастыру,өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру;
б)Орманды дала және дала зоналарынын табиғатын ұқыптылықпен сақтап,тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: табиғат зоналарының кестесі,плакаттар,оқушылардың дайындаған презентациялар ,үлестірмелер,
Қолданылған модульдер: СТО,топтық жұмыс,жеке жұмыс
Сабақтың барысы
ІҰйымдастыру бөлімі: (Қазақстанның орманды дала және дала зонасы бойынша 2 топқа бөлу,топ спикерін сайлау,бағалау парағын үлестіру), психологиялық сәт.
Қызығушылықты ояту Қазақстанның табиғат зоналары туралы не білеміз?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мына өлең шумақтарында айтылады.
Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның,аңың,құсың да.
Тегінде жаның жомарт-ақ,
Ізгілік жатыр бойында,-
Оқушы |
Мұғалім |
1 тапсырма. «Тез жауап» Оқушылар «иә» немесе «жоқ» арқылы жауап береді. 1.Табиғат кешендерін мүлде тиіспей,алғашқы қалпында сақтауға бола ма?(жоқ) 2.Табиғат кешендерінің өзгерісі адам әрекетінен болды ма? (иә) 3.Табиғатты қорғау-күнделікті жай проблемаға жатады ма?(жоқ) 4.Тау жыныстары әлі топырақ емес.(иә) 5.Қоршаған ортаны қорғау біздің заңымызда қаралған ба?(иә) (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі) 2 тапсырма “ Ең-ең” ойыны. 1.1Ең ұзын өзен- 2.2Ең ұзын көл- 3.3Табиғат зоналарының ең басты белгісі- 4.4Ең құнарлы топырақ- 5.5Ең ірі бөген- 6.6Жануарлар дүниесіне ең бай көл (Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі) 3 тапсырма 1-бейнесұрақ №10.Табиғат кешені дегеніміз не? Табиғат кешені-бір-бірімен өзара тығыз байланысты табиғат компоненттерінің біртұтас жүйесі 2-бейнесұрақ №15.Табиғат зоналары деп нені айтамыз? Табиғаи зонасы-климат жағдайлары,топырақ ,өсімдігі мен жануарлар дүниесі бірдей еңдік өңір.Зона-(грекше-белдеу) 3-бейнесұрақ №16 .Табиғат зоналары солтүстіктен оңтүстікке қарай қандай ретпен ауысып отырады. Жер бетіне күн сәулесінің түсуінің азаюы, ылғалдың әркелкі таралуына, климатының өзгеруіне байланысты экватордан полюстерге қарай ендік бағытта бірін-бірі алмастырады. 4-бейнесұрақ №17.Табиғат зоналары батыстан шығысқа қарай қандай ретпен ауысып отырады. Табиғат зоналарында топырақ,өсімдік жамылғылары батыстан шығысқа қарай өзгереді.Олай өзгерулері климат континенттігінің күшеюіне байланысты. 5-бейнесұрақ №18..Қазақстан аумағы қандай табиғат зоналарында орналасқан? /Орманды дала,дала,шөлейт,шөл/
|
Үйге тапсырмасын сұрау үшін «ой шақыру» стратегиясын пайдаланады. Экранға 2 топқа арналған сұрақты шығарып,ойлануға 1 мин уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң,әр топтан спикер шығып, жауап беруін қадағалайды. Бұрынғымен жаңа білімді ұштастырады. Белсенділігін арттырады. |
Мағынаны тану.
1топ:Орманды дала зонасы 2 топ:Дала зонасы |
§38 Орманды дала және дала зоналары 156-161 бетті ашып,мәтінмен танысып,оқулықпен жұмыс істеуге бағыт бередіӘр топқа тақырыпшаны бөліп беріп.уақыт белгілейді |
1.Тапсырма 1 топ: «Егер басқа ғаламшардан келгендерге орманды даланы бейнелеп түсіндіру керек болса,сендер оны қалай бейнелеп түсіндіресіздер» 2 топ: «Егер басқа ғаламшардан келгендерге орманды даланы бейнелеп түсіндіру керек болса,сендер оны қалай бейнелеп түсіндіресіздер» 2 тапсырма 1 топ:Қазақстанның табиғат зоналары картасын климаттық картасымен салыстырып, кесте толтыру. 2 топ:Орманды және дала зонасының ішкі сулары мен топырағын анықта 3 тапсырма Презентация қорғау. 3 тапсырма Оқушылар дайындаған презентациялар. «Орманды дала және дала зоналарының өсімдіктері мен жануарлары,қорықтар » туралы презентация дайындап келуге тапсырма берілген болатын,сол тапсырманы орындап келген оқушы тақтаға шығып,өз жұмыстарын қорғайды.(слайдтар) Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша ақылдасып,не түсінгендерін талқылау парағына сурет салу арқылы немесе жазу арқылы түсіреді. Әр топтан бір спикер шығып,тапсырманы қорғайды. Қажет болған жағдайда басқа топ мүшелері толықтыруға көмектеседі. |
Жаңа идеяны қабылдауға,не түсінгенін анықтауға мақсат қоюға,сын тұрғысынан талдауға.салыстыруға дайындайды. Осы мақсатта «негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы пайдаланады. Тапсырманың орындалуына уақыт бөлінеді.Оқушылардың жауабын тыңдауын,толықтыруын,картадан аталған нысанды дұрыс таба білуін қадағалайды |
Сергіту сәті:
Ой толғаныс
1.Сан және әріптерді пайдаланып,әр табиғат зонасына тән белгілерін көрсету.
|
|
||||
2.Венн диаграмасы
|
|
Қорытынды рефлексияны сабағымыз аяқталуға жақындады.
1.Орманды дала және дала зонасы туралы нені білдік?
2.Сабақтан қандай әсер алдық?
Білімді бағалау.Оқушының білімін бағалап,нәтижесін шығару.
Енді бүгінгі сабақта,жалпы осы өткен тақырып бойынша өздерінді бағалайсындар «»
бойынша Егер тақырыпты түсінбесен жасыл түсті смай қағазды
Үйге тапсырма беру.§38 Орманды дала және дала зоналары оқу. Табиғатын қорғау.
-
Кескін картаға табиғат зоналарын салу.