Алкиндер. 11 сынып

Мұғалімнің аты-жөні

М.Мухамжарова

Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМБ

Сыныбы

11

сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы

2. 7 Алкендердің алынуы және қасиеттері.

Сілтеме

11 ( жаратылыстану- математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов,Ә.Темірболатова ,Р.Жұмаділова

Жалпы мақсаты

  • Алкендердің қасиеттері туралы білімді қалыптастыру;

  • химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру ,түсіндіре білу білім және дағдыларын жетілдіру; талдау,жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту

Күтілетін нәтиже

Физикалық қасиеттерін айта алады

Басқа көмірсутектермен салыстыра отырып химиялық қасиетін жазып, ажыратады

Есептеу барысында қолданады

Негізгі идеялар

Дегидрлену. Дегидраттау. Дегидрогалогендену. Полимерлену. Тотығу. Марковников ережесі

Құрал-жабдықтар:

Слайд-презентация

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Диалогтік әдіс. Блум таксономиясы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды психологиялық дайындау. Назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын ашу.

Амандасу. Оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындылары жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын еске түсіру):

а)Әр топқа жеке –жеке сұрақтар қойылады

І топқа:

  1. Органикалық химия нені зерттейді?

  2. Көмірсутектер қалай жіктеледі?

  3. Изомерлену дегеніміз не?

  4. Бутеннің молекулалық формуласын айтыңыз?

  5. Алкендерге қандай изомерлену түрлері тән?

  6. Алкендерге қай класпен класаралық изомерлену тән, неліктен, мысал келтіріңіз?

  7. Алкендердің байланысын үзуге қанша энергия жұмсалады?

  8. Алкандар не себепті парафиндер деп аталады?

ІІ топқа:

  1. Органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын кім жасады?

  2. Гидрлену реакциясы дегеніміз не?

  3. Гомологтар дегеніміз не, алкендердің гомологтық қатарын атап беріңіз?

  4. Алкендердің жалпы формуласын атаңыз?

  5. Алкендердің кеңістіктік изомерленуін түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз ?

  6. Алкендердегі көміртек — көміртек арасындағы байланыс ұзындығы қанша?

  7. Этилен молекуласында гибридтелуге қанша орбиталь қатысады?

  8. Пентеннің молекулалық формуласын атаңыз?

Оқушылар қойылған сұрақтарға кезекпен жауап береді.

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту. (3 мин)

Түрткі сұрақ :«Циклоалкандар » дегеніміз не?

Сұрақтарға бұрыннан білетін мәліметтеріне сүйене отырып жауап береді

Мағынаны тану

І топқа Алкендердің алынуы, физикалық қасиеттері;

ІІ топқа Алкендердің химиялық қасиеттері;

Постер жасау

Берілген тақырыпшаны топ ішінде өзара оқып, ортаға шығып түсіндіреді, химиялық теңдеулерін жазып түсіндіреді.

Ой толғау.

Білу

Не істелді

Не байқалды

Қорытынды

1

Этилен алу:

2

Бром суына әсері:

3

Калий перманганатына әсері:

4

Этиленнің жануы:

Мультимедиалық көрсетілімді көре отырып кестені толтырады

Кестені толтырады

Түсіну

А)Сәйкестендіру тапсырмалары:

1

Гидраттау әдісі нәтижеснде алынады

А

Крекингілеу

2

Д.В.Сокольскийдің әдісі

Ә

Пропилен

3

Октаннан бутен алу әдісі

Б

Этил спирті

4

Ацетон алуда қолданылатын зат

В

Этиленгликоль

5

Тотығу реакциясы нәтижесінде алынады

Г

Полиэтилен

6

Электротехникада оқшаулағыш ретінде қолданылады

Ғ

Гидрлену

Жауаптары: 1Б, 2Ғ, 3А, 4Ә, 5В, 6Г;

Заңдылықтарды ескере отырып сәйкестендіреді

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар орындау:

І топ

  1. Төмендегі қосылыстар арасынан алкендерді теріп жазып, атаңыздар: С2Н4; С5Н12; С4Н8; С10Н20; СН4;

  2. Мына заттардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар: 2 метил пентен-2; 2,3 диметил гексен-1; 3 метил, 5 этил гептен-2;

  3. 9,2 г этил спиртін дегидраттау нәтижесінде түзілетін этиленнің (қ.ж) көлемін анықтаңыз;

ІІ топ

  1. Төмендегі қосылыстар арасынан алкендерді теріп жазып, атаңыздар: С2Н6; С5Н10; С4Н6; С3Н6; С8Н16;

  2. Мына заттардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар: 2 метил бутен-1; 3,3 диметил гептен-1; 5 метил, 3 этил гептен-2;

  3. 4,48л этилен (қ.ж) қанша грамм бромды түссіздендіре алады;

Алкандар мен алкендер тақырыбынан алған білімдерін пайдаланып денгейлік тапсырманы орындайды

Талдау (анализ)

Салыстыру — Венн диаграммасы:

АЛКАН Ұқсастығы АЛКЕН

Класс өкілдерін өз ара салыстырып, нақты мысалдар арқылы айырмашылығын айқындайды.

Жинақтау (синтез)

Айналымды орындауға мүмкіндіек беретін химиялық реакция теңдеулерін жазып, заттарды атаңдар.

С2Н4→ С2Н8→ С2Н5Cl→ С2Н5OH→ С2Н4→(- СН2 — СН2-)n

Тақырып бойынша алған барлық теориялық білімдеріне сүйеніп теңдеуді жазады

Бағалау

(әр дұрыс жауап –0,4 балл)

Берілген суреттердің тақырыппен қандай байланысы барын көрсет.

Тақырыпқа қатысты суреттер

Маңызы

1

2

3

4

5

Алкендердің қолданылу аясы бойынша суреттердің тақырыптағы маңызын көрсетеді..

Бағалау

Бағалау критерийі

Деңгейі

Жалпы балл

1

Білу

1 балл

2

Түсіну

1·2 = 2 балл

3

Қолдану

2 балл

4

Талдау (анализ)

3 балл

5

Жинақтау (синтез)

0,5·6 = 3 балл

6

Бағалау

4 балл

Жалпы балл

15 балл

Жинақтаған балдарын есептеп бағасын шығарады

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма:§2.7, 90 бет

6,7,8,9,10 тапсырмалар

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу

Рефлекция (мұғалімнің сабақ туралы жазбасы)

БҚО.Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-бөбекжай кешенінің І деңгейлі, жоғары санатты химия пәнінің мұғалімі Мухамжарова Манчук Жусупкалиевна

Понравилась материал? Расскажи друзьям:
Пора учиться!