Кластар: 5 – 7
Тақырыбы: «Күз ханзадасы мен ханшайымы»
Мақсаты:
-
Оқушылардың білімін, тапқырлығын, іскерлігін бақылау;
-
Ұйымшылдығын қалыптастырып, өз өнерлерін ортаға салып көрсете білуге үйрету;
-
Оқушылардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату. Табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге сезінуге тәрбиелеу.
Түрі: байқау
Көрнекілігі: плакаттар, қанатты сөздер,фотостенд.
Әдіс — тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Кіріспе сөз.
1 – жүргізуші: Армысыздар бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы.
Жасыл далам сары далаға айналып,
Алтын күзге айналады күн осы.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
2 – жүргізуші: Табиғаттың төрт мезгілдік өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше. Күз адам баласына молшылық әкеледі, сондықтан берекелі күз, алтын күз деп баға берген. Алтын себебі, біріншіден айналаның бәрі сап – сары болуы, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Міне, осы екеуін аттастырып « алтын күз» деп атаған. Күзде егінді жинап болған ата – бабаларымыз сабантой өткізіп, күз мерекесін өткізу дәстүрлі мерекеге айналып отыр.
Тыраулап тырна қайтты күз де келді,
Сарғайып ұшты желмен күз желегі,
Бет бұрып жылы жаққа бағыт алған,
Сызылды көкте құстың тізбегі енді – деп, ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі барша жиналып отырған қауымға «Күз – береке молшылық» демекші молшылық, береке мен мереке айы, алтын күз құтты болсын демекпіз.
1 – жүргізуші: Міне ,бүгінгі біздің «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты дәстүрлі сайысымызға 5 – 7 сынып оқушылары сайысқа түспекші. Бір ескертетін жайт сіздерге қоятын талабымыз бар.
Олар :
-
Сахна мәдениеті, өзін – өзі ұстау;
-
Сөйлеу мәдениеті, ой ұшқырлығы;
-
Киім киісі, жүріп – тұрысы;
-
Әдептен аспай берілген сұрақтарға дұрыс жауап беру және ойларыңды ашық жеткізу.
Міне, осылардың барлығы сынға алынып, әділ қазылар алқасы бағаланады.
2 – жүргізуші: Осы тұста бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтетін болсақ:
1 – бөлім «Сәлем – сөздің анасы»
2 – бөлім «Шебердің қолы ортақ»
3 – бөлім «Сауал бізден, жауап сізден»
4 – бөлім «Өнерлі өрге жүзер»
5 – бөлім Күзгі сән үлгісі
6 – бөлім «Жұлдызды сәт»
1 – жүргізуші: Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайысымызды саралайтын әділ қазылар алқасын сайлап алсақ қалай қалайсың?
2 – жүргізуші:
Иә, ендеше
Әділдікпен баға берер жұптарға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Үздік топты таңдап бүгін алуға.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Аманшина Надежда Аманшақызы
Дефектолог – Құрмашева Гүлжазира
Психолог – Нұрекешова Мейрамгүл Мәжитқызы
Химия пәнінің мұғалімі – Жанахметов Алтынбек Серікұлы
1 – жүргізуші:
Ал , ендеше шалқытып ән салайық,
Өнерпаз жұптарға біз тамсанайық.
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген,
Топтарды құрметпен қарсы алайық.
-Қанекей, топтарды ортаға шақырамыз.
(баяу ән орындалып ортаға шақырамыз)
Құрметті топ басшылары ортаға шығып, тұмар тағу арқылы реттік номерлеріңізді анықтап алсаңыздар. Орындарыңызға бара берулеріңіз сұралады.
2 – жүргізуші:
Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеліпті халыққа бір молшылық
Сары жапырақ алтындай болып төгілсін
Елімізде болсын әркез көпшілік – дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
1 – жүргізуші:
1 – бөлім: «Сәлем – сөздің анасы» деп аталады. ( 5 минут уақыт беріледі). Бұл бөлімде оқушылардың сахна мәдениетін сақтауы, өздерінің топтарының атын жақсы қорғап шығуы, берілген уақыттан аспауы, таныстыруы бағаланады.
Ортаға бірінші топты шақырайық. Ал, ендеше сәттілік!
( топтар өздерін таныстырып болған соң әділ қазылар алқасынан «Сәлем – сөздің анасы» бөлімі бойынша бағалары сұралады)
2 – жүргізуші:
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып,
Мерекелік экибана жасапты,
Топтарымыз саусақтары майысып.
2- бөлім: «Шебердің қолы ортақ» — деп аталады.(таныстыруға 3 минут уақыт беріледі). Мұнда қатысушы топтар күзге байланысты жасаған экибананы таныстырып, мән – мағынасын ашып түсіндіреді.
Ортаға бірінші топты шақырамыз.
(барлық топ жұмыстарын көрсеткен соң «Шебердің қолы ортақ» бөлімінің бағалары сұралады)
1 – жүргізуші :
Тербетіп бесігімді дарын далам,
Нәр алып, туған жерден жалындаған.
Мәңгілік жоғары ұстап желбіретем,
Ел берген ән мен жырдың туын маған.
-Ал, енді келесі бөлімге сайыскерлеріміз дайын болам дегенше, сахнаға мектебіміздің дарынды оқушыларының бірі бірнеше байқау жеңімпазы Мақсотов Ерхаттың орындауында ән шашу.
2 – жүргізуші :
Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар.
Жауаптарын таба алама сыныптастар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Келесі бөлім «Сауал бізден, жауап сізден» деп аталады. Құрметті оқушылар, мына шарлардың ішінде сұрақтар берілген, сол сұрақтарға нақты ,әрі арнайы берілген уақытта, тек бір немесе екі оқушы емес, топтасып жауап беру керек. (ойлану уақыты 2 минут, жауап беруге 5 минут беріледі).
Сұрақтар:
1.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?(Тоқтар Әубәкіров, 1991жылы)
2.Атақты суретші кім?(Әбілхан Қастеев)
3.Қазақтың үш биін ата?(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
4.Атақты күрес шебері кім?(Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
5.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні?(16-желтоқсан 1991 жыл)
6.Сидней олимпиадасында жеңіске жеткен атақты боксшы кім?(Бекзат Саттарханов)
7. Қазақтың ұлттық ойындарын ата?(аударыспақ, бәйге, қыз қуу,көкпар…)
8. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары кімдер?(Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова)
9. «Бөбек» қорының президенті кім?(Сара Алпысқызы)
10.Абайдың шын аты кім?(Ибраһим)
11.Күй атасы кім?(Қорқыт)
12.Қазақ вальсінің каролі.(Шәмші Қалдаяқов)
(«Сауал бізден, жауап сізден» бөлімі бойынша әділ қазылар алқасынан бағалары сұралады.)
1 – жүргізуші:
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған сайыстарға бірін – бірін,
Тыңдайық тамашалап, көрермендер
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін, демекші, сайыскерлер бұл бөлімде өздерінің өнерлерін көрсетеді. Бұл «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде оқушыларымызды жаңа қырларынан көре аласыздар деген ойдамыз.
(«Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша әділ қазылар алқасынан бағалары сұралады)
2 – жүргізуші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен.
Әр жұбымыз әсем болар өз тәнімен.
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, — дей келе, келесі кезекте сән үлгісі көрсетеді.
(Жұптар ортаға шығады)
(«Күзгі сән үлгісі» бөлімі бойынша әділ қазылар алқасынан бағалары сұралады)
1 – жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі тапқыр алар,
Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын,
Қазылар алқасы болмаса, нақ сыналар, — демекші, кез келген сайыс бағалануы тиіс. Бұл жарыстың ажырамас бір бөлшегі, дәстүрлі үрдісі. Бүгінгі сайсымыздың шарттары осымен тәмам. Әділ бағасын беру үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Әділ – қазылар алқасы жеңген топтарды анықтап боламын дегенше кезекті тамаша бір әнге берейік.
2 – жүргізуші:
«Жұлдызды сәт» бөлімі. (жеңімпаздарды марапаттау). Сөз әділ қазылар алқасында.
О, жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратың?
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Жеңістеріңіз құтты болсын деген тілекпен бүгінгі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты сайсымызды аяқтаймыз.