Зияткерлік сайыс: «Топжар?ан»

Ы.Алтынсарин орта мектебі

Зияткерлік сайыс

«Топжарған»

4 сынып

Бастауыш сынып мұғалімі:Жарбусинова К.Т.

Атырау қаласы

Атырау қаласы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жарбусинова Кунжамал Табылдиевна

«Топжарған» зияткерлік сайыс. 4 сынып.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, білім, білік, дағдыларын жүйелеу, талапты, терең ойлы, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Жүру әдісі: Зияткерлік әдіс

Көрнекілігі:Қанатты сөздер, сандар жазылған ұяшықтар, слайдтар

Жабдығы: Интерактивті тақта

Жоспары:

Ұйымдастыру. Оқушылар 3 топқа бөлу.

І. Шаттық шеңбері: «Мен кіммін?» ( өздерін таныстыру)

ІІ.Бәйге. (Топ басшылар сайысы)

3.Ұйқасын тап ойыны.

4.Бейім.

5.Таным.

6.Сөзстанға саяхат.

7.Кім болам? Жоба қорғау.

Жүрісі:

Құрметті ұстаздар! Оқушылардың білімін саралап, ойлау қабілеті мен сқйлеу мәнерін көрсететін «Топжарған» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!

Мектеп үлкен анашың,

Баураған барлық баласын,

Тәртіппен алсаң білімін,

Өмірден жол табасың, — дегендей, өздерінің білімдерін ортаға салу үшін, сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырайық!

  1. «Барыс» тобы.Топ басшысы сыныптың биязы оқушысы Бағытов Ә.

  2. «Сұңқар» тобы.Топ басшысы сыныптың озат оқушысы Урашкалиев А.

  3. «Тұлпар» тобы.Топ басшысы сыныптың белсенді оқушысы Сұлтанов Д.

Сайыстың бағдарламасы бойынша

І – бөлім: «Шаттық шеңберінде», «Мен кіммін» айдарымен 3 топ оқушылары өздерін таныстырады.

  1. «Барыс» тобы:Топ аты – «Барыс»

Топ ұраны: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

Сәлемдесуі:Асыл тастан, ақыл жастан шығады деп дарынды.

Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.

Сол ақылдың жолын қуған, қабылдаңыз шын жүректен,

Сәлем сізге жалынды.

Мен әйбат Әділетпін.Мен батыл Батырханмын.Мен нәзік Назгүлмін.Мен ақылды Айзадамын.Мен ержүрек Ерасылмын. Мен гүлдей Гүлданамын.Мен мейірімді Мейрамбекпін.

  1. «Сұңқар» тобы:Топ аты – «Сұңқар»

Топ ұраны: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»

  1. Сәлемдесуі:Қанатына мініп сұңқардың,

Біз келдік бүгін сайысқа.

Армысыз ұстаз дос құрбы,

Жеңіс туын желбірету ойымызда.

Мен айбынды Айбармын.Мен намысты Нұртаспын.Мен айдай Арайлыммын.Мен дарынды Дастанмын.Мен ару Ақеркемін.Мен қызғалдақ Құралаймын.Мен берекелі Бекзатпын.Мен рахымшыл Рамильмін.

4) «Тұлпар» тобы:Топ аты – «Тұлпар»

Топ ұраны: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады»

Сәлемдесуі:Армысыздар ұстаздарым, жол нұсқап, ақыл берген кеңестерің

Армысың құрбы-құрдас, достарым, өзіммен бірге жүрген құрдастарым

Талаптың мініп тұлпарына, келдік міне жарысқа

Белгісіз кімнің ұтары, түстік мына сайысқа!

Мен данышпан Диаспын.Мен нар Нұрдаулетпін.Мен айбарлы Асылжанмын.Мен жалынды Жансұлумын.Мен рухы биік Рухфатпын.Мен дидарлы Дильназбын.Мен дара Дильнарамын.

ІІ – бөлім: «Бәйге». Топбасшылар сайысы:Ортаға топ басшылары шақырылады.Әр сұраққа 10 ұпай.

  1. Біздің ел ордамыз қалай аталады?

  2. Өте жақсы оқитын оқушыны қалай атайды?

  3. Ең алғаш мектеп ашқан адам?

  4. Бізге кқрші мемілекеттер?

  5. Біздің Атырау обылысы қандай шаруашылықпен айналысады?

  6. Мемлекеттік тіл?

  7. Астана күні қай күн деп белгіленген?

  8. Қ Р рәміздерін ата?

  9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

  10. Әнұранның авторы кім?

  11. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?

  12. Қазақ халқының ұлы ақыны кім?

  13. ҚР тәуелсіздік алған күні?

  14. Елтаңбада нелер бейнеленген?

  15. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім?

  16. Табиғатты жырлаған ақын?

ІІІ – бөлім: «Ұйқасын айт» ойыны.

1-топқа:Бірлігі жоқ ел тозады,

——————————

Қына тасқа бітеді,

——————————.

Алтау ала болса,

——————————-.

Төртеу түгел болса,

——————————-.

2-топқа:Ақыл жастан,

———————.

Туған жердей-жер болмас,

—————————————.

Досы көпті дау алмайды,

—————————————.

3-топқа:Өнерлінің қолы алтын,

————————————.

Ақыл- дос,

——————.

Еңбек қылсаң ерінбей,

———————————.

4-бөлім: «Бейім».Адасқан буындар.Кеспе қағаздарда буын жазылған, дұрыс сөз құрау керек.

1-топқа:Ата мекен Ала тау Сары ағаш Ақан сері Ақ

Қайың

2-топқа: Кемпір қосақ Қос аяқ Ұлы тау Ас паз Мүйіз тұмсық

3-топқа: Жол барыс Таң қурай Жұма келді Зер гер Ал тай

5-бөлім: «Таным».Мәтіннен үзінді оқу, сол шығарманың атын, авторын айту.

1-топқа: «Алдынан шығып,оны шоферге хабарласақ, үлгере аламыз ба?-деді Бауыржан жеңіске» Мәкен Жүнісов Түнгі сәуле

«Ата , мені ала барасыз ба?-Күн ыстық , шөлдеп қаласың» Қолғабыс Мәдіхат Төрежанов

2-топқа: «Құлыным, Қайрошым…Қайда жоғалып кеттің….-деп әлсіз ғана шыққан дауыс естілді.» Ана құшағында Ғ.Мүсірепов

«Ой, балалар қорықпаңдар.Ол бізге ештеңе істей алмайды.Келген бетте сазайын тартады» Үлек Мамытбек Қалдыбаев

3-топқа: «Дәлізде әлдекімнің қатты түшкіргені естілді сол кезде.Бірақ ешкімді көре алмады.» Ғажайып сәуле Медеу Сәрсеке

«Ұзын құйрық инелік

Инелікке тимелік.

Тікұшақты жасадық,

Инеліктен үйреніп» Үйрену Әбдірахман Асылбеков

6-бөлім: «Сөзстанға саяхат».Топтар 3 ұяшықтан таңдайды, сондағы тапсырманы орындайды.

50

70

90

30

10

80

60

20

40

50- «Бақ» сөзінің мағыналарын айт.

70- «Қылқан жапырақты» ағаштарды ата.

90-Қазақстан қалаларын ата.

30- Тіл туралы өлеңнен үзінді оқы.

10-«Әдемі» деген сөздің мәндес сөздерін ата.

40-«Төртіншісі артық». Сағат, қазан, таба, шәйнек.

20-Түнде ұшатын құс.

80- Әмір бір санды ойлады, оны 10-ға көбейтіп, нәтижеге 50-ді қосты.Қосындының мәнін 5-ке бөлді.Сонда 130 шықты.Әмір қандай сан ойлады?

60-2 метр матадан 1 бала көйлегін тігуге болады. 46 метр матадан неше балаға көйлек тігуге болады?

7-бөлім: «Кім болам ?». Жоба қорғау.Плакатқа сурет салып, таңдаған мамандақтарының пайдасын қорғайды. 1.Құрылысшы 2.Ғарышкер 3.Аспаз

Қорыту. Марапаттау.

Понравилась материал? Расскажи друзьям:
Пора учиться!