«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің 9– 10-11 сыныптарға арналған әзірлемесі
1-жүргізуші: Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ дастарқан жапқандай
Халық біткен қарбалап
Қонақ күтіп жатқандай
2-жүргізуші : Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде-жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке әкелгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы
Шаттығыңа бөлегейсің бізді де,- дей отырып мектеп директоры Исаев Даулен ағайдың балаларға деген ыстық лебізін қабыл алайық.
2-жүргізуші : Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Келе жатқан ит жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін.Бүгінгі кешіміздің сәні Шыршаны достарымен бірге ортаға шақырайық.
Ән « Жаңа жыл».
1-жүргізуші Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке.Неге десеңіздер?Өйткені бұл күні жер шарымызды Ертегі аралайды.Ертегі әр елдің шыршасына саяхат жасайды.Бүгін бізде Ертегі мен бірге саяхат жасаймыз. Жер шарының Жаңа жылын бірге атап өтеміз.
Ертегіден көрініс. Ду қол шапалақ, қошеметтеріңізді аямаңыздар достар.
Би 9- сынып
2-жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше, біз сынып бойынша өнерімізді көрсетеміз. Кешіміздің соңында белсенді қатысқан оқушыларға ерекше сыйлығымыз бар.
1-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық.
ОЙЫН-1. Ән табу ойыны. Бір әннің әуені айтылады, әуеніне қарап сөзін табу керек. Кім көп тапса жеңіске жетеді.
Осы кезде сырттан дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Қызықтан құр қалмаңыздар
Сарытөбе орта мектебінде
Жаңа жылды тойлаңыздар.
Құрметті ханымдар мен мырзалар, жанға табысы мол 2018 ит жылы құтты болсын!
2-жүргізуші: Ооо, биылғы жыл керемеееет! Ит жылының тартуынан құр қалмауына осыншама жұрт құштар шығар?!
1-жүргізуші: Иә, керемет жаңа жылда көңіл-күйдің керемет болғанына не жетсін? Бізде өз үлесімізді қосайық.
Олай болса,
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді бүгін жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!
Жаңа жылдың шырақтары тұр жанып,
Бара жатыр қараңғы түн нұрланып.
Шырқай берсе таусылама әніміз,
«Жаңа жылың құтты болсын!» халайық!
Ортаға жаңа ит жылы келеді
1-жүргізуші: Ар, бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл!
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт- береке жылы бол, Жаңа жыл.
2- жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл. Ал, айналайын Жаңа жыл келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы бағып –қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
2- жүргізуші: О, халайық, жарандар
Қилы-қилы заман бар.
Тауық жылы әне жылыстап,
Кетіп барады қараңдар.
О, халайық, халайық.
Қош айтысып қалайық!
Сөз ит жылына беріледі.
1- жүргізуші: Құрметті достар! Бізге жақсылықтарымен толы болған тауық жылын шығарып салайық.
Тауық: Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2018 жылы қадам басқан,
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!
Мен дағы бір қонақпын
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет
Сіздерге мың рахмет.
Тауық 2017 жылда болған оқиғаларын айтып өтеді. Ескі жылды шығарып салайық. Хош, сау бол ескі жыл!
2-жүргізуші: Қандай тату өздері
Күлімдеп көздері
Кәне, кәне , келіңдер
Бір би билеп беріңдер.
Ортаға Ерсағынды әнімен шақырамыз. Ал қалғандарымыз ортаға шығып билейік.
1-жүргізуші: Рахмет достар.
2-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса ортамызды ашып , қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.
1-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.
Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4 пен 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.
Ақшақар: Саламатсыздар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
Біздің ортамызға келіп жайғасыңыздар…
Қош келдіңіз Аяз — Ата ,
Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге ,
Би билеңіз бізге еріп.
2-жүргізуші: Ортамыз нұрға толып,
Төрт құбыламыз түгел болды.
1-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсің.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді 9- сыныптан бастайық.
Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып би билейік.
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!
Вальс 10-сынып
1-жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. ОЙЫН-2. Әр сыныптан 1- оқушыдан 3- оқушы шығады. Әріп бойынша сұрақтарға жауап беру.
М. Б. С
Атың кім?
Тегіңіз кім?
Жасыңыз қаншада?
Қай қалада тұрасыз?
Қай жаққа бара жатырсыз?
Ол жақта не бар?
Не жоқ?
Анаңызға қандай сыйлық жасайсыз?
2017 жылы қалай өтті?
2-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық
Әндетейік, жырлайық
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән ..Гүлдана мен Айжан
11- сыныптың ойыны
Ән:
1-жүргізуші: Ал енді кезекті келесі ойынға береміз. ОЙЫН – 3. Бұл ойын «Тілек айту» деп аталады. Ортаға әр сыныптан бір- бірден ер балаларды шақырамыз. Шалбардың балағын тізеге дейін түріп қойып тілек айтады. Маңызды тілек айту керек. Егер орындамасаңыз сыйлықтан құр қалдыңыз деп есептей беріңіз. Ал енді ойынды бастайық.
2- жүргізуші: Ендігі кезекте бүгінгі кешімізге арнаған
Ән: Рахатпен Нұртас
1-жүргізуші: ОЙЫН-4 «Құрбыңды тап» ойыны Әр сыныптан екі- екіден оқушы шығып өз сыныбының оқушысын бетіп сипалап табу керек. Әрине көздерін байлап қоямыз.
Ән: Нұржігіт «Іздеме» әнімен шақырамыз.
2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Қалауын тап, қар үстіне қада гүл,
1- жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.
Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
2-жүргізуші : Кел жаңа жыл, игілік боп, иба боп
Жер бетіне кереметті жина көп
1-жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емес
Түтін емес, рауан нұры жинап от.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
2-жүргізуші: Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешімізді тәмамдап, әрі қарай би кешімізбен жалғастырайық!