Сабақтың тақырыбы: Сөз мерген
Сабақтың мақсаты: оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана тілінің қадір-қасиетін біліп, көркемдігін, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: тіл туралы ұлы адамдардың сөздері.
Сабақтың барысы: тіл қай ұлтта болса да, қай елде де болса да қастерлі, қасиетті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.
Тіл байлығы-әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес байлық. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың 1998 жылдың 20-қаңтарындағы жарлығына сәйкес 22-қыркүйек «Қазақстан халықтарының тілдері» күні ретінде аталып келеді. Соған байланысты өткізіліп отырған «Сөз мерген» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Сүйемін туған тілді, ана тілін,
Бесікте жатқанда-ақ барген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнің- демекші тіл- әр халықтың ұрпақтың ұрпаққа жалғасып келе жатқан қасиетті құралы. Оны әр уақыттааялай, шұбарламай таза күйінде мұра етіп қалдыру – біздің борышымыз.(тіл туралы оқушылар өлең оқиды)
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,-дей келе сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа 3 топ қатысып отыр. Олар: «Алғырлар», «Тапқырлар» және «Ептілер».ойынымыздың сарапшыларымен таныс болыңыздар:
Сайысымыз төрт белестен тұрады.1.«Мықты болсаң, тауып көр».
2.«Жүйрік болсаң, шауып көр».
3.«Шешен болсаң, сөйлеп көр».
4. «Ойлы болсаң, озып көр».
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын бір сәт ұлылардан қалған ойлы сөздерге көз жүгіртейік.
“ Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.” Б.Момышұлы.
“Әрбір санаслы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу — мәдениетсіздік”. М.О.Әуезов
“Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық”.Ғ. Мүсірепов.
Құрметті оқушылар! Тіл-халықтың тарихы, тіл ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз демекпін.
Ойынымыздың бірінші белесі: «мықты болсаң,тауып көр» деп аталады.бұл белестің шарты бойынша ойыншылар берілген сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрастырып мағынасын ашып айту керек. Ендеше іске сәт деп бірінші белесімізді бастайық.
І-топ: ІІ-топ: ІІІ-топ:
1.Сиыр бас кез
Қой көз ай
Лақ шөп тырнақ кір сөз оқ
Түйе аяқ тас
2. Сақал күшік сиыр
Шаш ит өлген ат салмау
Бас сипау тауық түйе
бет қаз қой
3. білезік қол ішек
Алқа білезік тон
Сақин тілеп алу бармақ тістеді жиде бау
сырға тырнақ жекет
( 1.Қой аузынан шөп алмас-жуас, тырнақ астынан кір іздеу-бәле іздеу, сөзі мірдің оғындай- өткір сөз.2.Сақалын сипап қалу-алдану, ит өлген жер- алыс, ат ізін салмау-бармау.3.Сау басына сақина тілеп алу-өзіне бәле тілеу, бармағын тістеді-өкінді, тонның ішкі бауындай-дос,тату).
Жүргізуші: Ойынымыздың екінші белесі: «Жүйрік болсаң, шауып көр». Бұл белесте «сөздің көркі-мақал» демекші берілген сөздерден мақал- мателдер құрастыру.
І-топ: ІІ-топ: ІІІ-топ:
1.Оқыған ту құс
Талапты жауар әнұран балапан
Білімді отау тік торғай іледі
саналы елтаңба үкі
2. ауыз дәптер күрек
Көз кітап бұлақ қайла оқу
Құлақ қол бала ине
мұрын әке лом
3. қос би жарақ
Дос дау сезім қызыл қару тіл
Аға өнер құрал
іні достық сауыт
( 1. Талаптыға нұр жауар, туған жерге туың тік, балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі,.
2. Көз қорқақ,қол батыр, кітап — білім бұлағы, оқу – инемен құдық қазғандай.
3. Досы көпті жау алмайды, өнер алды-қызыл тіл, тіл қаруы- сөз, сөз қаруы- ой)
Жүргізуші: Келесі кезең «Шешен болсаң, сөйлеп көр». Шешендік өнер – тіл мәдениетінің , сөйлеу мәдениетінің шыңы.
Бұл кезеңде шешендік сөздерге байланысты сұрақтарға жауап беру.
І-топ: Досбол биге қартайған шағында ауылдас бір қария : «Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не?» деп сұрапты. Сонда Досбол қалай жауап беріпті? (Жерден ауыр — ақыл,білім. Оттан ыстық — ғашықтық, судан терең — оқу, ғылым, көктен биік – тәкәппарлық)
ІІ-топ: Ақтайлақ би Қанай шешеннен «Ер басында бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу?» деп сұрапты. Сонда Қанай шешен не деп жауап беріпті? (Ер басында бақыт – бесеу: жүрдек ат , жақсы жар, жақсы бала,әке – асқар тау , шеше – қайнар бұлақ. Кемдік — үшеу: шабан ат, жаман жар, жаман бала. Құлазу – төртеу: ел көшсе — көл, мал кетсе – бел, нарқы жоқ сөз, қатарынан айырылған шал).
ІІІ-топ: Бірде әз Жәнібек хан билерінен : «Жігітке жақсы болу үшін не керек?» деп сұрапты. Сонда билері не деп жауап берген? (Жігітке бірінші – білім, екінші – ғылым, үшінші – ұғым керек. Сосон отты жүрек, батыл тіл керек).
Жүргізуші: Ойынымыздың келесі белесі: «Ойлы болсаң,озып көр» деп аталады. Бұл белестің шарты бойынша сендерге сөздер беріледі , сол сөздердің мағынасын түсіндіріп берулерің керек.
Базарлық – алыс сапарға , саяхатқа шыққан адамдар , жерлестеріне , көрші-көлемдеріне, жас балаларға ірілі- ұсақты сыйлықтар әкеледі.
Байғазы – балалардың , жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай немесе заттай сый.
Бастаңғы-үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, ойын-сауық жасап бас қосуы.
Көгентүп – бір-біріне жақын туыс, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал.
Енші –балалары ер жетіп, жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп, дүние-мүлік мал береді. Мұны «енші» деп атайды.
Бұлқыншақ – сусын құюға арналған тері ыдыс.
Бүгінгі ойынымыз да өз мәресіне келіп жетті. Өзінің байлығы, сұлулығы және икемділігі жағынан дүние жүзіндегі озық тілдермен теңдесе алатын ана тіліміз бар екенін ұмытпаңдар. Ана тілінің көсегесін көтеріп, мәртебесін өсіру, баянды ету ендігі жерде өздеріңе байланысты. Тіл болашағы мына сендердің қолдарында.