Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым.
БҚО, Орал қаласы
№ 19 ОЖББМ жоғары санатты
биология пән мұғалімі
Темирханова Г.М
Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі.
Пән |
Биология
|
Сынып |
7 сынып |
Уақыты |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Зоология — жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың таралуы. Жабайы және үй жануарлары. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі. Жануарлар дүниесін қорғау.
|
||||
Жалпы мақсаты: |
Жануарлар дүниесінің көптүрлілігі, жабайы және үй жануарлары, жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны туралы мағлұмат беру.
|
||||
Міндеттері: |
-Жануарлар дүниесіне сипаттама бере отырып, жануарлардың көптүрлілігіне көз жеткізу -Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орнымен танысу ; -Жабайы және үй жануарлары ерекшелігі жайында білімдерін кеңейту; -Жануарлар дүниесін қорғау туралы қосымша мағұлмат алу; |
||||
Күтілетін нәтижелер: |
-Жануарлар дүниесіне сипаттама бере отырып, жануарлардың көптүрлілігіне көз жеткізеді. -Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орнымен танысады. -Жабайы және үй жануарлары ерекшелігі жайында білімдерін кеңейтеді. -Жануарлар дүниесін қорғау туралы қосымша мағұлмат алады.
|
||||
Түйінді түсініктер |
Жүйелеу.Жіктеу.Түр. |
Сабақ кезеңдері, модульдер |
Мұғалім әрекеті
|
Тапсырмалар мазмұны |
Оқушы әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
І.Кіріспе — Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер |
1.Амандасу; 2.Оқушыларды ортаға шеңбер құра тұрғызып үш топқа бөлу. 3.Бағалау критерийлерімен таныстыру; |
«Мені қоршаған әлем» Сергіту сәті.«Менің жануарым» шеңберге жиналып сыныптасына жақсы көңіл күйді және жануардың пайдасын айта отырып жануар суретін ұсынады.Жануардың суретін таңдап топқа бөлінеді. Бағалау критерийлері және оқушының аты-жөні жазылған кесте беріледі. |
Амандасу. 1.топ.Балық 2.топ.Аққу 3.топ.Киік Бағалау критерийлерімен танысады. |
Формативті бағалау: Ынталандыру. |
Жануарлар суреттері |
ІІ.Тұсау кесер сабақ басталмас бұрын оқушылар нені білетіндіктерін анықтау — СТО-ға үйрету АКТ-ны пайдалану; |
Белсенді тақтаға интернет беттерінен жануарлар суреттері шығарылды. |
«Ойлан тап».Алдарыңызға берілген суреттер бойынша жұмыс жасай отырып,сурет атауын,жануар ерекшелігін топта талдап сипаттама беру. 1.топ.Балық –балықтар суреті берілді. 2.топ.Аққу–құстар суреті берілді 3.топ.Киік–сүтқоректілер суреті берілді |
Топтар сурет бойынша жұмыстанды,жануарлар туралы өз ойларын ортаға салды. |
Топтан бір оқушы тағайындалып, бағалау парағы бойынша қалған топ мүшелерін бағалап отырады. |
Белсенді тақта. Интернет беттері. Жануарлар суреттері. |
ІІІ.Негізгі сабақ оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуіне көмек көрсету |
1.«Ой ашар». Электронды оқулық арқылы жаңа сабақ түсіндіру. 2.Интернет беттерінен бейне жазба көрсету. 3.Дәптерге түйінді түсініктерді жазғызу,оқулықпен жаңа тақырыппен таныстыру. 3.Оқушы жұмысын қадағалау,жетекшілік жасау,шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
|
«Бәріміз бірге».кезеңі, мәтіннің тәрбиелік тағылымдық мәнін ашу. Топтық тапсырма 1. Бейне жазбадан қандай іс-әрекет байқап және қандай ой түйдіңіз…….. Қай топтың ойы түйінді,өте жақсы болды, шапалақтап білдіреміз. Топтық тапсырма 2. І топ Жабайы және үй жануарларының ерекшеліктеріне сипаттама беру. ІІ топ Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны туралы суреттеу. ІІІ топ Жануарлар дүниесін қорғау-басты міндетіміз. Эссе жазу, |
Топтар мәтін бойынша жұмыстанады. Интернет желісі материалдары және қосымша әдебиеттер пайдаланып, топтық жұмыс жасайды, сурет салады, эссе жазады.
|
Формативті бағалау; критерийлер арқылы өзара бағалау, өзін-өзі бағалау; Тағайындалған оқушы бағалау парағындағы бойынша қалған топ мүшелерін бағалап отырады.
|
Тапсырмалар жазылған карточкалар, таза беттер, түрлі түсті бояулар, т.б оқу құралдары.
|
Қортынды бөлім Оқушылардың оқып үйренгендерінің нәтижесін бағалау. |
1. Жасалған жұмыстары бойынша қорытынды жасауға бағыттайды. |
«Автор орындығы» арқылы сабақты бекіту. |
Топтардан бір оқушыдан шығып қарама қарсы топ сұрақ қояды |
Формативті бағалау; критерийлер арқылы өзара бағалау, уәж, ынталандыру. |
Түрлі стикерлер |
Кері байланыс оқушылар рефлексиясы |
Бүгінгі сабақты қорытындылау,Оқушыларды бағалау,үйге тапсырма беріледі. |
Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату. -Бүгін мен не үйрендім -Маған не ұнады,не ұнамады -Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің |
Стикерлерге өз ойларын жазады. |
|
|
Батыс Қазақстан облысы