Табиғи құбылыс ҚМЖ

Қысқа мерзімді жоспарлау

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Күні: 14.06.2019 ж

Сынып:9

Мектеп:«М. Әбеулов атындағы ЖББОМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:Еркебекқызы Әсем

Қатысқандар: 9 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

9.3.2.4 Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп, сақтау шараларын ұсынады;

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанда атмосфералық қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада сипаттап , сақтану шараларын көрсетеді

Бағалау критерийі

-Қазақстанда жиі болатын қолайсыз және атмосфералық

құбылыстардың қалыптасуын ұсына алады,

-таралу аумақтарын картада көрсете алады,

-сақтану шараларын көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Тыңдалым: Қазақстанда жиі болатын қолайсыз және атмосфералық құбылыстардың қалыптасуы туарлы қызықты деректер тыңдалады.

Оқылым : Берілген мәтінді оқып танысады.

Жазылым: Қазақстанда жиі болатын қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстардың қалыптасуы туралы деректерді, керекті мәліметтерді дәптерлеріне жазады, кескін картамен жұмыс жасады, керекті мәліметтерді жазады.

Айтылым: Мәтінді талдайды сипаттайды сұрақ-жауап арқылы диалогқа түседі.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясын басшылыққа ала отырып, атмосфераның қолайсыз жағдайларының қоршаған ортаға, адам денсаулығына тигізетін әсері туралы түсінуге баулу. Тарихтың, мәдениетпен тілдің біртұтастығы(үштілділік саясаты)

Пәнаралық байланыс

Экология арқылы –атмосфералық қауіпті және қолайсыз құбылыстарының адам өміріне тигізетін зияны, физика- табиғи құбылыстардың шығу заңдылықтары арқылы , метеорологиялық – қауіпті табиғи құбылыстар (найзағай, бұршақ, сел) арқылы;

Алдыңғы білім

8.3.2.5. Климаттың адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді (жергілікті компонетті қосымша қамту арқылы)

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

1. Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Психологиялық ахуал шаттық шеңбер құрып бір –біріне тілектерін білдіріп сабаққа көңіл күй сыйлайды.

2. «Мозайка» әдісімен 3 топқа бөлу (1 суретті 3 ке бөліп, әрбір оқушыға таратып беремін, қолдарындағы қиындылар арқылы суретті құрайды және суретті құрап шыққан оқушылар топқа бөлінеді)жетекшілерін тағайындау, бағалау парағын беру.

1 топ- тұман

2-топ боран

3-топ найзағай

3.Жаңа тақырыпқа байланысты бейнекөрсетілім арқылы сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлаймын.

Оқушылар қорапшадан сурет қиындыларын алады

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

20 минут

Тапсырма 1. Топтық талқылау. «Миға шабуыл» әдісі. (әр топқа сұрақтар қойылады)

  1. Оқушылар, қолайсыз атмосфералық құбылыстардың қандай түрлерін білесіндер?

  2. Қолайсыз атмосфералық құбылыстар адам денсаулығына әсер ете ме?

  3. Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың адам өміріне тигізетін әсері?

Дескриптор

  • Оқушылар, қолайсыз атмосфералық құбылыстардың түрлерін анықтайды

  • Қолайсыз атмосфералық құбылыстар адам денсаулығына әсерін талдап, анықтайды

  • Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың адам өміріне тигізетін әсерін сипаттайды

ҚБ: топтық өзара бағалау. (өте жақсы, жақсы, қанағат) бағалау дәйектерін келтіреді.

КБ: Мұғалім оқушылар жауаптарын тыңдай отырып, ұсыныс тілектерін айтып, кері байланыс береді

Топтық тапсырма .Тапсырма 2.

«Кешенді постер» әдісі (сынып оқушыларының қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды сипаттап сақтану шараларын ұсынады)

Ортақ тапсырма негізінде топ мүшелеріне физикалық, экологиялық, метерологиялық аспектілері бойынша сақтану шараларын жасау ұсынылады.

1-топқа кешенді постер тапсырамсы:

Физикалық қолайсыз құбылыстар түрлері

Себептері

Сақтану шаралары

Ұсыныстар

2-топқа:

Экологиялық қолайсыз құбылыстар түрлері

Себептері

Сақтану шаралары

Ұсыныстар

3-топқа

Метереологиялық қолайсыз құбылыстар түрлері

Себептері

Сақтану шаралары

Ұсыныстар

Дескриптор:

  • Қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды сипаттайды;

  • Физикалық қасиеттерін анықтайды;

  • Қоршаған ортаға тигізген әсерін сипаттап, көрсетеді.

  • Метеорологиялық жағдаймен құбылыстарды анықтайды.

  • Қолайсыз атмосфералық құбылыстардың сақтану шараларын ұсынады.

ҚБ: «Сағат тілі» әдісі бойынша топаралық бағалау. (жасалған жұмыстардың күшті және әлсіз тұстарын жазбаша түрде бағалайды)

КБ: Мұғалім оқушылардың топтық жұмыстарына ұсыныстар мен түзетулер айтады, кері байланыс береді.

Жұптық жұмыс .Тапсырма 3

«Қағаз бетіндегі саяхат» әдісі бойынша топтағы оқушылар қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстардың негізгі таралу аймақтарын климаттық картада анықтап, көрсетеді

Дескриптор:

  • Қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстарды таралу аймақтарын анықтайды;

  • Қолайсыз ж

  • әне қауіпті атмосфералық құбылыстарды картада бейнелеп, көрсетеді.

ҚБ: жұптық бағалау («Кілт» әдісі бойынша өзара жұпта бағалайды)

КБ: Мұғалім оқушылардың жұптық жұмыстағы іс- әрекетін бақылай отырып, ұсыныстар мен тілектер айтады, кері байланыс береді.

Сабақтың соңы

(8минут)

оқушылар рефлексия жасайды. әр топтан бір оқушы өз ойын айтады, мұғалім кері байланыс алады.

Осы тақырыпты қорытындылап, сабақтың мақсатына жеткен -жетпегенін, неге көңіл бөлу керек, келешекте не істеу керек деген сұрақтарға жауап аламын.

Үйге тапсырма беру:

Міндетті: Оқулықтың соңында берілген тапсырмаларды орындау. Шығармашылық: «Жайсыз атмосфералық құбылыстардың денсаулыққа әсері»– эссе жазу

Рефлексиялық экран

Саралау

Бағалау – «ММММ» (мен білдім,маған қызықты болды,мен түсіндім,маған қиын болды) кестесіне оқушылар стикер жапсырады. Сабақ барысында серіктесін бағалау,өзін-өзі бағалау, бағалау критерийлері,формативті бағалау,ал сабақ аяқталған кезде орындаған тапсырмасына қарай жиынтық бағаны қою

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау бойынша жұптық тапсырмада мұғалім қолдауы арқылы сараланады,ал топтық тапсырмада оқушылардың өз деңгейлері бойынша сараланады (бір топтың орындамаған тапсырмасын екінші топ орындауы мүмкін )

Формативті бағалау: Смайлик, екі жұлдыз бір тілек, бағалау парағы, шапалақтау,бас бармақ, бірін-бірі бағалау.

Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау.

Ақ тілек сергіту сәтін өткізу. Егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес ой сергек өткізу.

Сабақ бойынша рефлексия (мұғалімдікі)

Понравилась материал? Расскажи друзьям:
Пора учиться!