Судың еріткіштік қасиеті

Бөлімі:

Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Педагогтің аты-жөні:

Джалимбетова Раушан Дюйсембековна

Күні:

14.12.2021ж.

Сыныбы: 4 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Судың еріткіштік қасиеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

4.3.3.4 судың еріткіштік қасиетімен таныстыру

Сабақтың мақсаты:

Судың еріткіштік қасиетімен танысады.

Тапсырмаларды топтық , жеке, жұптық жұмыстарда бірлесіп орындай алады.

Заттарды суда ерігіштігі бойынша ажыратады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

2 мин

7 мин

5 мин

Сынып ішінде «Психологиялық дайындық» орнатамын.

Алдыңғы білімдерін тыңдау

« Жедел жауап» әдісі.

« Жауын-шашынға не жатады?» тақырыбы бойынша сұрақтар қоямын.

Білім алушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

1-тапсырма.

Тәжірибе. ӨЖ

Судың еріткіштік қасиетіне көз жеткізу үшін бүгінгі сабақта тәжірибе жасалатындығы ескертіледі.

2-тапсырма.

«Ерітінділер» медицинада қолданылатын ерітінділерге тоқталу. ҰЖ

Балалар қонақтармен амандасып, тілек білдіреді:

Тілейміз біз әр адамға –денсаулық,

Тілейміз біз әр отбасына – амандық,

Тілейміз біз елімізге — тыныштық,

Тілейміз біз бар әлемге – жақсылық.

Оқушылар жауын-шашынның астында қалмас үшін мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жылдам, әрі дұрыс жауап беруге тырысады.

Жауын-шашын түрлеріне қатысты сәйкестендіру жұмысын жасайды, бірін-бірі тақтадағы дайын жауаптар бойынша тексереді.

1-тәжірибе.

Оқушылар алдында тұрған заттармен тәжірибе жасап, судың еріткіштік қасиетіне көз жеткізеді.

1-қатардағы оқушылар- қантпен;

2 -қатардағы оқушылар-акварель бояуымен;

3-қатардағы оқушылар-тұзбен тәжірибе жасайды.

Медицинада қолданылатын ерітінділер туралы білетіндерін айтады.

«Мадақтау сөз» арқылы бағалау.

ҚБ:

Өзін-өзі бағалау парағы

Дескриптор:

  1. Берілген затқа суды құяды.

  2. Қасықпен араластырады.

  3. Өзгерісін талқылайды.

ҚБ:

Өзін-өзі бағалау парағы

Дескриптор:

  1. Медициналық ерітіндіні атайды.

  2. Қолданыс аясын айтады.

ҚБ:

Өзін-өзі бағалау парағы

Алдын-ала дайындалған сұрақтар тізбесі.

Таратпа қағаздар.

Сәйкестендірудің дұрыс жауабы жазылған плакат.

Қант, тұз салынған стақандар, акварель бояуы, су құйылған ыдыстар, қасықтар.

.

Бриллиант көгі, сутегінің асқын тотығы, йод.

Ортасы

5 мин.

3-тапсырма.

Тәжірибе.ЖЖ

Судың температурасының әсеріне қатысты тәжірибе жасату.

2-тәжірибе.

Оқушылар алдында тұрған заттармен тәжірибе жасап, суда кейбір заттардың жақсы еруіне судың температурасы әсер ететіндігіне көз жеткізеді.

1-қатардағы оқушылар-кофе;

2 -қатардағы оқушылар-шай;

3-қатардағы оқушылар-какаомен тәжірибе жасайды.

Дескриптор:

  1. Берілген затқа су құяды.

  2. Араластырады.

  3. Өзгерісін байқайды.

ҚБ:

Өзін-өзі бағалау парағы

Кофе, какао, шай салынған стақандар, су, қасық.

6 мин.

6 мин

4-тапсырма. «Ойлан!» ҰЖ

  1. Оқушыларға сұрақ қоямын:

Газ суда ери ме?

Газдалған суды шайқап көрсетіп, не байқағандарын сұраймын.

Бейнематериал көрсету, сұрақтар қою.

5-тапсырма. ТЖ

«Зертте»

Топқа бөлемін. Судың 3 күйіне қатысты -сұйық, қатты, бу.

Заттардың суда қалай еритіндіктеріне зерттеу жүргізуді топтық жұмыс ретінде ұсынамын.

Тақтамен, дәптермен жұмыс жасату.

Оқушылар өз нұсқаларын айтады.

Дұрыс жауап: Газ суда ериді.

Газдалған сусындар туралы бейнематериал көреді. Бейнематериал бойынша көргендерін талқылайды.

Топқа бөлінеді. Топпен тәжірибе жасай отырып, заттардың ерігіштік қасиетіне зерттеу жүргізеді.

1-топ: сұйық сабын, бор, құм.

2-топ: ас содасы, дәрі, топырақ.

3-топ: ванилин, кір жуғыш ұнтақ, сұйық май.

Зерттеу сұрақтары:

  1. Суда ери ме?

  2. Суда қалай ериді?

  3. Өзгеріс болды ма?

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытынды шығарады, тақтаға жазады.

Дескриптор:

  1. Сұраққа жауап береді.

  2. Қорытынды шығарады.

  3. Бейнематериал көреді.

  4. Көргендерін талқылайды.

ҚБ:

Өзін-өзі бағалау парағы

Дескриптор:

  1. Затт ҰЖ армен тәжірибе жасайды.

  2. Берілген заттың суда еритіндігін немесе ерімейтіндігін анықтайды, жазады.

  3. Өзгерісін байқайды, жазады.

  4. Топтық жұмыстарын қорғайды.

ҚБ:

Өзін-өзі бағалау парағы

Газдалған сусын.

Смартфондар, құлаққаптар, бейнематериал.

https://youtu.be/KXfUn1V5LTU

Сұйық сабын, бор, құм, ас содасы, дәрі, топырақ, ванилин, кір жуғыш ұнтақ, сұйық май салынған стақандар, су, қасық.

Сергіту сәті

2 мин

Заттардың ерігіштігіне байланысты ойын ойнату.

1-қатар : Еритіндер

2-қатар: Нашар еритіндер.

3-қатар: Ерімейтіндер болып бөлінеді.

Аталған затты суда ерігіштігі бойынша ажыратады.

  1. Аталған затты тыңдайды.

  2. Суда ерігіштігі бойынша орындарынан тұрып ажыратады.

3 мин

Оқулықпен жұмыс. ҰЖ

Оқулықтағы мәліметтермен танысады. Сабақ барысында айтылмай кеткен тұсын өздері сыныппен талқылайды.

Дескриптор:

  1. Оқулықтағы берілген мәліметтерді оқиды.

  2. Минералды сулар туралы талқылайды.

  3. Күмістің емдік қасиетіне тоқталады.

ҚБ:

Өзін-өзі бағалау парағы

Оқулық 74-75-бет

Соңы

5 мин.

Үй тапсырмасы: 74-75бет

оқу.

Оқушылар бүгінгі сабақтан не түсінгендерін ортаға салып айтады.

Уақыт қалса тест жұмысын орындайды.

Оқулық, дәптер

Кері байланыс

2 мин.

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар сабақ бойына өзін-өзі бағалау парағындағы дұрыс жауаптардың санын анықтайды.

Жоғарыдағы баспалдақ:

«Түсіндім!»

Ортадағы баспалдақ:

«Сұрағым бар!»

Төменгі баспалдақ:

«Түсінбедім!»

Бағалау

2мин

Бағалау 1-10 балл аралығында жүреді.

Оқушылардың топтық,жұптық,

өзіндік жұмыстары ескеріледі.

Понравилась материал? Расскажи друзьям:
Пора учиться!