Зат мольшері, Моль, Авогадро саны, Молярлық (мольдік) масса.
Сабақтың тақырыбы: Зат мольшері, Моль, Авогадро саны, Молярлық (мольдік) масса.
Сабақтың мақсаты: Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль туралы, Авогадро саны жөнінде ұғым қалыптастыру. Заттың берілген өлшемі бойынша құрылымдық бөлшектердің санын анықтауға үйрену.
Дамытушылық: Молярлық масса ұғымын, заттың молярлық массасын есептеп шығару білігін қалыптастыру. Масса, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, молярлық масса деген ұғымдарды өзара байланыстыра отырып, есеп шығаруға үйрету. Молярлық және салыстырмалы молекулалық массалар сандық мәні бойынша тең болатындығын түсіндіру.
Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: зат мөлшері бір моль болатын металлдармен бейметаллдар үлгілері (күкірттің, темір ұнтағының, мырыштың, )
Тірек біліммен біліктер: Зат мөлшері, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшерініңөлшем бірлігі, заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.
Жаңа материалды оқыту.
1.Заттың құрам тұрақтылығы дегеніміз не?
2.Темір сульфидінде темір мен күкірттің тұрақты масса қатынасы қанда?
Оқушыларғаұнтақтар 4 г. күкіртте күкірттің қанша атомы болса,7 г. темірде темірдің сонша атомы болатынын түсіндіреді. Демек, әрбір темір атомы күкірттің бір атомымен қосылысады деген тағы бір тұжырымды оқушы өз бетімен жасайды.
Бұрын алған білімін еске түсіріп, талдау нәтижесінде жасаған қорытындыларына сүйене отырып, мұғалім заттардың атомдары мен молекулаларының қажетті санын алу іс жүзіне мүмкін еместігін айтады. Сондықтан химияда «зат мөлшері» деген физикалық шама қолданылады.
Ал зат мөлшері сол заттың құрылымдық бөлшектерінің санымен анықталады, яғни атом, молекула немесе басқа бөлшектер саны. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі– моль. Моль–берілген заттың құрылымдық бөлшектері 12г көміртегіндегі атом санына сәйкес келетін зат мөлшері.ν (ню) әрпімен белгіленеді, құрылымдық бөлшектер саны Naәрпімен белгіленеді.
Заттың керекті мөлшерін қалай өлшеп алуға болады?
Осы жерде молярлық массаны пайдаланатындығын айтып, оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Зат мөлшерін моль арқылы өрнектеген сияқты молярлық масса зат массасын грам арқылы көрсетеді. Демек, мұғалім «Заттың молярлық массасы М зат массасының зат мөлшеріне қатынасына тең шама» деген анықтаманы айтып, оқушылардың дәптеріне жазғызады.
4. 0,8 моль күміс нитратының (І) массасы (г)
Шешуі:
М(АgNO3) = 170 г/моль
m(АgNO3) = ν · М = 0,8 моль · 170 г/моль = 136 г
Жауабы: m(АgNO3) =136 г
Жаңа сабақты пысықтау.
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мақсатында әр түрлі әдістер қолдануға болады.Оның негізгілері: мысалы, сұрақ –жауаптар, деңгейлік тест сұрақтарын беруге болады.Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болғаң соң жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар беремін.
Үй тапсырмасын беру кезеңі.
Үйге тапсырма. § 17. (5-6). Есептер жинағынан тапсырмалар.
Оқушылардың өздігінен шығаруына берілетін есептер:
1.Массасы 112г темір неше моль болады?
2.Массаса 132г көміртегі(IV) оксиді неше моль болады?
3.Массасы 272г мырыш хлориді неше моль болады?
4.Мөлшері 0,3 моль көміртегі(IV) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;
5.Мөлшері 0,2 моль мыс (ІІ) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;
6.Мөлшері 0,5 моль судың массасын есептеп шығарыңдар;
Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.
Сабақта сұраққа мәнді де мағыналы жауап берген, қосымша сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.
Қорытындылау кезеңі.
Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру үшін оқушыларға мынадай өзіндік жұмыс бойынша сұрақтар мен жұмбақтар беремін.
Оқушылардың шығарған есептерін тексеріп, қателерін түзеткеннен кейін, жаңа тақырып бойынша қорытынды жасалады.
Сабақ соңында төмендегі сұрақтар көмегімен оқушыларда жаңадан қалыптастырылған ұғымдарды бекітуге болады:
1.Заттың молярлық массасы дегеніміз не?
2.Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі не?
3.Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады? Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?
4.Зат мөлшері қалай белгіленеді?
5.a) ν © = 4 моль деген жазу нені білдіреді?
б) ν (H2O)=2 моль деген жазу нені білдіреді?
6.Үш молекула су қанша моль болады?