Күні: 20.01.2016 ж.
Пәні: алгебра
Сыныбы: 8 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару тақырыбынан алған білімдерін жалпылап, тиянақтау.
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралассабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакат
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Білу
а) үй жұмысын тексеру
ә)сергіту сәті анаграмманы шешу.
III. Түсіну. Қайталау сұрақтары.
IV. Қолдану. Оқулықпен жұмыс.
V. Талдау. Кім тапқыр Логикалық сұрақтар.
VI. Анализ – синтез. Тест тапсырмалары. Топпен жұмыс.
VII. Бағалау. Топ бақылаушысының бағасын тыңдау.
VIII. Үйге тапсырма беру.
II. а) Үй жұмысын тексеру. № 204
ә) Сергіту сәті Анаграмманы шешу.
Әріптерді дұрыс орналастырып, математикалықтерминнің атауын тауып жазыңдар.
I топ ТАВКДАР (Квадрат)
II топ ТИЕВ (Виет)
III топ ЛАНОЦИАР (Рационал)
III. Қайталау сұрақтары:
1.Квадрат теңдеу дегеніміз не?
2.Толымсыз квадрат дегеніміз не?
3.Теңдеу шешімінің қандай жағдайлары бар?
4.Кез-келген квадрат теңдеулердің түбірлерін табу үшін қандай формулаларды қолдануға болады?
5.Квадрат теңдеудің қанша түбірі болатынын қалай анықтауға болады?
6.Квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулерді жаңа айнымалы енгізу әдісін шешу үшін қандай алгоритмді қолданамыз?
IV. Оқулықпен жұмыс. № 205, № 206, № 207.
V. 1.Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?
Жауабы: жас аралығы өзгермейді.
2.Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол негізгі
Дәл жауапты қостадым.
Жауабы: шеңбер
3.Бұлбұлдың екі құлақ, бір басы бар.
Салдырған 8 жерден таңбасы бар
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
Жауабы: домбыра
VI. Тест тапсырмалары.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: № 205 (2), № 206 (2), № 207 (2).