Мақсаты:
Ән айту қабілетін дамыту.Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып «Ән көңілдің ажары», шарлар, ноталық суреттер
Әдісі: сайыс
Жүрісі: Ұйымдастыру бөлімі.
/ оқушыларды жинақтау/
Мұғалім:
-
Сәлеметсіңдер ме қонақтар, ұстаздар, оқушылар.Өзін-өзі тану: «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігіне арналған «Ән – көңілдің ажары» атты ән байқауымызға қош келдіңіздер.
1. Шалқытып сахнада ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық
-
ТЖО – Г.Мүрсәлім
-
Ән-хор үйірмесінің жетекшісі – Л. Балжігітова
2. Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық.
— Гүлназым қыз өнерлі
Бойға жиған өнерді.
— Гүлдана қыз елгезек
Алады тез тіліңді
— Айнара қыз білімді
Меңгерген бар ілімді
— Ақша бетті Жаннұр да
Ұқсайды хор қызына
/ қатысушылар номер суырып, орындары белгіленеді/
І. 2-сынып аруы Жаннұр
ІІ. 4-сынып аруы Гүлназым
ІІ. 3-сынып аруы Айнара
ІV. 1-сынып аруы Гүлдана
Сайыс үш кезеңнен тұрады. 1. Таныстыру
2. Халық әні
3. Таңдаулы ән (еркін тақ)
-
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен , ізетпенен танысуға
Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып,
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып
— Арулар өздерін таныстырады./ әділ-қазылар бағасын береді/
4. Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсерін жан оятар
Жанға қуат, жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар, — деп екінші сайысымыз халық әнін орындауды бастайық.
-
Жаннұр – халық әні «Гүлдерайым»
-
Гүлназым – халық әні «Әгугай»
-
Айнара – халық әні «Гүлдерайым»
-
Гүлдана – халық әні «Бипыл»
/әділ-қазылардан екінші сайыстың әділ бағасын сұрау/
-
Өнері өрге жүзер талаптының
Таланты талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының, -дей келе сайыскерлерімізді сүйіспеншілік, мейірімділік мақсатында таңдаған әндерін орындауға ортаға шақырамыз.
-
Жаннұр – «Құттықтаймын ана туған күніңмен»
-
Гүлназым – «Қос бәйтерегім»
-
Айнара – «Әкешім»
-
Гүлдана – «Ақ мамам»
/ әділ-қазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз/
ІІ. Қорытынды.
— Қыз баланы, ізетті, инабатты асыл жан етіп тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет олардың айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген , ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссін деген тілекпен кешімізді аяқтаймыз.