Біздің отбасы есірткіден алыс

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған сайысына

Біздің отбасы есірткіден алыс

Отбасы- бауырмалдық ұялаған, мейірімділік мекені. Мен үлкен отбасында тұрамын. Өзімді ең бақытты жан санаймын. Өйткені, менің отбасым тату- тәтті тұрады, мені әрдайым қолдайды,мейірімділік танытады. Отбасындағы жылулықтың , ынтымақтың жоқтығынан , басына түскен қиыншылықтарға байланысты көп адамдар жаман жолға түсіп кетеді. Есірткіге әуестенеді, шылым шегеді, ішімдікке жақын болады.

Есірткі деген атының өзі адамды үрейлендіретін осы заттың зиян екенін біле тұра , оған қарсы тұра алмайтындар бар екені жасырын емес. Көпке үлгі болып, отбасын ойлайтын тұста аз қиыншылыққа шыдамай, жаман жолды таңдайтындар мен отбасындағы баршылық, молшылыққа үйреніп есірткіге әуестенетіндер саны көбейіп келеді. Өкінішті. Есірткі ешқашан жанды тынышталдырып, қиыншылықты шешіп бере алмайды. Адам денсаулығына тигізетін зияны өте көп. Есірткіні пайдаланған адамның ағзасы сезімнен айрылып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмей қалады. Оған тәуелді болған адамға барынша қолдау білдіріп, бірге күрескен жөн.Отбасының әрбір мүшесі жаман жолға түскен адамға сенімділік беріп, қолдау танытса ,бұл қиыншылықты да жеңіп шығары сөзсіз.

Есірткіден алыс болу- біз үшін пайдалы. Өз денсаулығымызға жанашырлықпен ғ бірінші байлығым деп қарағанымыз дұрыс.

Қорытындылай келе, менің отбасымның болашағы жарқын болатынына сенемін. Ал, есірткісіз болашақ — ең жақсы болашақ екеніне сен де сен!

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

Бейбітшілік Ділназ

№221 негізгі орта мектебінің

7-сынып оқушысы

Понравилась материал? Расскажи друзьям:
Пора учиться!