Музыка. 4 – сынып. № 10. 13.11 – 14.11. 2014.
Сабақтың тақырыбы: Халық күйі және симфониялық поэма. Композитор –Ғазиза Жұбанова.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды композитор – Ғазиза Жұбанованың шығармашылығымен таныстыру. Сабақтың міндеті: 1.Музыкалық білімін әрі қарай жетілдіру.. 2 Ести білу мен есте сақтау қабілеттерін әрі қарай дамыту . 3.Білімге, музыкаға қызығушылығын арттыру, эстетикалық тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, интегралдық әдіс.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілігі: Домбыра, баян, күйсандық аспаптары, оқулық,композитордың портреті.
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу.
II.Үйге берілген тапсырма. «Айгөлек» әнін жеке дауыста және хормен орындау.
III.Оқушылардың білімін жан – жақты тексеру. Халық әні және симфониялық музыка.
IV.Мақсат қою кезеңі. Дауыс жаттығуын жасату.Дикция таза болу үшін, дауысты дыбыстарды созып айтуды,керісінше дауыссыз дыбыстарды барынша қысқа орындауға үйрету.
V.Жаңа білімді меңгерту. Халық күйі және симфониялық поэма.Композитор Ғазиза Жұбанова.(1927 – 1993)Алматы қаласында туған. Ғ.Жұбанова – көптеген көлемді музыкалық опералардың,балет,оратоия,ән,хорлардың т.б. шығармалардың авторы. Ғ.Жұбанова «Ақсақ құлан» симфониялық поэмасының негізгі тақырыбы – күйшінің,күйдің құдіретін көрсету.Поэмада негізгі тақырып виолончель мен контрабаста орындалады.
VI.Жаңа білімді меңгеруін тексеру. Ғазиза Жұбанова кім, оның қандай симфониялық поэмасы бар? Ондағы бас кейіпкер кім?
VII. Бекіту кезеңі. Сабақты қорытындылау. Халық күйі «Ақсақ құлан» қандай аңыздың мазмұнын ашады?
VIII.Үйге тапсырма. 33 — 34 бет оқу. ә) Музыка тыңдау.